07.10.2022
  108


Автор: Яхия Кемал БЕЙАТЛЫ

БАСҚА БІР БИІКТЕН ҚАРАСАМ

Əз Ыстанбұл, өзіңе басқа бір биіктен қарадым,
Сен – маған, мен – саған айналып, өзгеріп барамын.
Сен қандай кербез де, керемет, көркем бір сұлусың,
Сан сырлы құпия өткенсің, сондай-ақ, ғажайып бүгінсің.
Əлемде шаҺарлар баршылық көз жауын алатын,
Пенделер көп екен, «бір сен» – деп, ынтығып, жанатын.
Өзіңде күн кешіп, өзіңде өлемін – менің бар арманым,
Өйткені бір сені ғұмырлық жаныма баладым.





Пікір жазу