КЕР МАРАЛ
Мен кішкентай бала едім,
Қарны да ашқан жан едім.
Алқорымды кермарал
Демей жатып, «бер, маған»,
Алып қашты орманға,
Аң, құстар көп ол маңда.
Сұңқар мініп, ұштым да,
Қап тауына шықтым да,
Тастап кетті ол бір көлге,
Одан шықтым бір шөлге.
Шөлден таптым маралды,
Жаздым барлық жарамды.
Марал көріп, қуанды,
Ойға қалдым құнарлы.
Бір тал алма береді,
«Жүр», – деп, мені демеді.
Бір ұшқын бар жанарда:
– Алтын сарайға бар да,
Сені күткен сұлу бар,
Жанарында жылу бар.
«Мың жылғы азап өтті», – де,
«Бақыт күні жетті», – де.
«Сиқырлы алма жедім», – де,
Жаным жəйлі менің де.
Түн – тұтылып, күн шықты,
Ергежейлілер тұншықты.
Дəулер – күндей күркіреп,
Жындар – тауды сілкілеп,
Бастар – жатыр шабылып,
Шаштар – жатыр жайылып.
Бір қарасам, періштем,
Шыққан екен пейіштен.
Жылағандай бəрі де,
Дəулер тірі əлі де.
Қылышыммен ұтқанмын,
Перілерді құтқардым.
Шаттық ойға оралды,
Пері қыздар жоғалды.
Жолын таптым мекеннің,
Алтын сарайға келдім.
Бір есігі ашық та,
Екіншісі, жабық па?..
Жабықты ашып тастадым,
Ештеңеден саспадым.
Аттар – етті асаса,
Иттер – шөпті асаса,
Таза алмастан бөлме бар,
Онда дəулер, өңге бар.
Шаптым оның бастарын,
Сосын итке тастадым.
Хордың қызы қайда екен,
Өзі сұлу ай ма екен?
Сұлу қызға қарадым,
Өзім от боп жанамын.
Жəудіреген жанары,
Арбап алған сананы.
«Кер маралмын кешегі», –
Деп, камзолын шешеді.
«Сен құтқардың жауымнан,
Аман шықтым дауылдан».
«Түбін тесіп, аспанның,
Тау қопарып, тас жардың».
Түрік бегі, өзіңді,
Тұла бойым сезінді.
Ер Түріктің арманы
Сені маған жалғады.
Ұқсатамын қыранға,
Жүз миллион Тұранда.
Қане, соған барайық,
Жаудың басын шабайық.
Жер ошақта от жансын,
Кілең жауыз сотталсын.
Сұлу қызбен тілдестік,
Арғымаққа мінгестік.
Талай таудан өтіппіз,
Темір қақпаға жетіппіз.
«Ашыл!» дедім, ашылды,
Зерден моншақ шашылды.
Тəңір жебеп, Көктегі,
Жол бастады Көкбөрі.
Қап тауынан өтіппіз,
Түрік еліне жетіппіз...