07.10.2022
  136


Автор: Түрік поэзиясы

СЕН ҮШІН

Сенің даусың – сондай нəзік, арайлы,
Жүрегіме бір ыстық қан тарайды.
Сенің көзің – ымыртта да нұр шашар,
Қарасыңды – менің жаным қалайды.
Сен бересің, жиырма бестің қуатын,
Бір сəуле бар шаштарыңа тұнатын.
Қолың – райхан гүлдеріндей ғажайып,
Мен əлсізбін іштен жанып, тынатын.
Қайта оралды ерте кеткен көктемім,
Қайта оянып, буырқанды өткенім.
Қалай, қайтіп ұмытармын асылым,
Сенің ыстық еріндерің өпкенін.
Лала гүлдей үлбіреген гүлімсің
Аспандағы жарқыраған күнімсің.
Асыл жарым, түсім емес, өңімсің,
Мына маған кешегі емес, бүгінсің.
Жас жүзімді əжім мейлі торласын,
Əнші құсым – сен, қашан да қолдасың.
Мен – ешқашан қартаймаймын, жарығым,
Жолымызды бір Жаратқан оңдасын!





Пікір жазу