07.10.2022
  165


Автор: Мехмет Акиф ЭРСОЙ

АУЫЛ ҚЫЗЫ ƏДЕМІ

– Алыңыз, кофеңіз, мінеки? –
Жас қызға бұрылып қарадым.
Ауылдың аруы əнеки,
Нұр сүйген, күн сүйген жанарын.
Тап-таза даланың гүліндей,
Ауылдың аруы қарайды.
Тынысы ақырын білінбей,
Қан болып бойыма тарайды.
– Қызым-ау, ата-анаң бар ма өзі?
– Бар аға, бар, – деді.
– Ал, олар қайда екен?
– Ауылда, мал баққан тауда еді.
– Сен сонда қайдансың?
– Болыдан, ал, сіз ше, қайдансыз?..
– Ал мұнда, сен, қалай келгенсің?
– Шаруамыз күйзелген,
Егін жоқ, кəсіп жоқ бір жерден...
Бұл неткен қасірет, ағайын,
Əкесі – баласын сатқан ба?
Кім айтар, себебін, қалайын,
Қыз кеткен бұйырмай тапқанға..





Пікір жазу