07.10.2022
  126


Автор: Мехмет Акиф ЭРСОЙ

АНАДОЛЫ

Жүріп келем, өзендерді көремін,
Жүріп келем, жапырақтар теремін.
Жүріп келем, жасыл жайлау май тамған,
Жүріп келем, егісті алқап жайқалған.
Бір əйелдің дауысына бұрылып,
Көзі нұрсыз, белі кеткен бүгіліп.
Бет, аузынан түк қалмаған жара деп,
Бұл байғұсты кімдер ұрған, талаған?
Басындағы тозған əбден орамал,
Бұл əйелді кімдер сонша тонаған?
– Саған тəте, не болды өзі жас жұтқан?
– Тамағым – шөп, келем əзер аштықтан.
– Жерің жоқ па саған азық болатын?
– Малым да жоқ, үйім де жоқ қонатын...
– Байың қайда мына саған қарайтын?
– Мен жесірмін тиын-тебен санайтын.
– Туған-туыс, ағайындар жоқ па еді?
– Мен кедеймін, бастан нелер өтпеді.
Ыстанбұлдан қашықтағы ауылдар –
Аш-жалаңаш, кедей-кепшік бауырлар...





Пікір жазу