07.10.2022
  77


Автор: Түрік поэзиясы

ФАТМА

Таң бозы ғой. Аппақ əлем,
Сені көрдім Фатма!
Суға келіп еттің сəлем
Су алғалы Фатма.
Жібек шəйі орамалың,
Желмен бірге желбіреген.
Қайрылып бір қарамадың
Жүрегім бар елжіреген.
О, Фатма! Қайғымбысың,
Қара көздім, қиғаш қасым.
Қолым жетпес ай-күнбісің
Көрмеймісің көзім жасын.
Сені ойласам адасамын,
Қалың ойдың орманына.
О, Фатма! Бал ашайын
Жетем бе деп арманыма.
О, Фатма! Жүрегім – мұң,
Көңілімде – өзіңсің.
Сенімім – аз, жігерім – құм
Қалай ғана көз ілсін?!
О, Фатма! Тыңдай көрші,
Дауысымды танырсың.
Аппақ əсем қолың берші,
Жанымсың, жанымсың!





Пікір жазу