07.10.2022
116
Бір Назлы маған кел деді...
Бір Назлы маған кел деді,
Барсам ренжиді, бармасам ренжиді.
Ақ тамағынан, қыпша белінен
Құшпасам ренжиді, құшсам ренжиді.
Сол қалқам ғой, əрі назды, əрі өңді,
Көркіменен нұрландырар əлемді.
Таңертең, кешке берер сəлемді
Алмасам ренжиді, алсам ренжиді.
Жөнсіз жерде керегі не сіресіп,
Махаббаттың ақ самалы тұр есіп.
Бақшасында тұр ғой жарық гүл өсіп,
Термесем ренжиді, терсем ренжиді.
Соны ойласам жүзім жылып нұрланды,
Салсам дедім өзіне арнап əн мəнді,
Емрах ақын сүйді осылай бір жанды,
Сүймесем ренжиді, сүйсем ренжиді.