07.10.2022
223
Ғашықтық
Ғашықпын! Тілсізбін! О, Құдайым!
Жас толады жүрегіме, неғылайын.
Мендегі аппақ сезімді – махаббатты
Сезбейді-ау асыл айым.
Жапырақтар солғандай, тоңғандай ма?
Гүлдерім де мұңайып қалғандай ма?
Тілімнен төгіледі зардың селі
Ғашықтықтың дерті күшті сормаңдайда.
Шерім толды ішіме, аша алмаймын,
Махаббаттың азабынан қаша алмаймын.
Асығым, ақ арманым, аппақ құсым
Қолыма ұстап, бауырыма баса алмаймын.
Сен жақынсың. Алыссың. Бөтенбісің?
Мені сезбей, көрмей-ақ өтермісің.
Лебізіңді естуге бір құмар ем,
Əлде түс боп,
Əлде құс боп жетермісің.