07.10.2022
  110


Автор: ҚАРАЖАОҒЛАН

Басыңда да əйгілі қарың бар...

Басыңда да əйгілі қарың бар,
Сен жайлауымның замана таулары.
Қайратым бар ма шықсам басыңа,
Қалмады сабырым, амалым таулар.
Жаңбыр жауар, жасыл шөптер шығарар,
Жел ескенде хош иісін аңқытар.
Сары гүлдер серуен кұрып отырар,
Жасыл шөп, жұпар гүлмен безенген таулар.
Жаз келеді де елдер айнала қонар,
Сұлулар судан ішіп те қанар.
Қызыл сырға құлақта шам секілді жанар,
Көрген сайын артады иманым таулар.
Қаражаоғлан дейді шөгіп отырдым,
Бау-бақша егіп жеміс өсірдім.
Алтын кекілді бала өсірдім,
Қалды бір шетте күмəнім таулар





Пікір жазу