07.10.2022
  158


Автор: Жəлалəддин РУМИ

БАҒБАН МЕН ДІНДƏР ҰРЫ

Ұрлауменен өткен барлық ғұмыры
Көрші бақтан алма жұлды бір ұры.
Бірақ сол сəт көріп қалып қожайын
Беруге оның дайындалды сазайын.
«Мен құдайдың құлымын ғой,
Болма таң.
Құдайымның жемісінен дəм татам.
Жесем жеймін жаратқанның еккенін,
Мені сөксең,
тəңіріңді сөккенің!»
Бағбан айтты: «Мұндай сөзге тойғанбыз,
Құдайыңның талай құлын сойғанбыз!» –
Содан кейін кетті бағбан асқынып,
Аяқ-қолын байлады оның тас қылып.
Жалынды ұры: «Не бүлдірдім ұрғандай?
Құдайыңнан қорықсайшы, сормаңдай!»
Сол-сол екен ауыр жаза басталды.
Бағбан оның арқасынан таспа алды.
«Құдай құлы құдай құлын аяп па?!
Жығады оны құдай берген таяққа, –
деді бағбан, – Құдайдікі құйрық та,
Құдайдікі соны ұрғызған бұйрық та!»





Пікір жазу