07.10.2022
  228


Автор: Қарттар күні

Бағалайық қарттарды

Қариялар — олар біздің қазынамыз, байлығымыз, аспандағы жарқыраған ай, күніміз. Еркелейміз оларға, әр сөздері жанымызға балдай болып, дем беретін біздің ата-әжелеріміз. Ата-әжелер барда үйіміз гүлдей жайнап, құлпырып тұратыны белгілі. Қазіргі таңда ата-анасына қарамай, қарттар үйіне апаратындар қаншама десеңізші. Оларды көріп, теледидардан естіп жанымыз ауырады. Біз неге мұндай болып барамыз. Неге ата-әжелер өз отбасында, немере-шөберелермен бірге бақытты өмір сүрмейді?! Неге біз олардан бас тартып, қарттар үйіне жібереміз?! Бұл жайлар қазақ деген халыққа жат нәрсе деп білемін. Бірақта өкінішке орай осындай жайлар көптеп кездесуде. Мұндайға жол берейік, ертеңгі күнімізді ойлайық та, ойланайық!
Қарттарымыздың жарқын шыққан үндері үйіміздің сәні десек болады. Олардың жүрген жолымен біз де келеміз, олардай біз де боламыз. Ертеңіміз сол қарттық күнге жетелейді.
Аузында дана сөзі бар қарттарымыз аман болсын деп, тыныш, бейбіт заман болсын деп Қазыналы қарттарымызды 1-ші қазан Қарттар күнімен құттықтаймыз! Мәнді де мағыналы өмір сүріп, қуанышты күндері жалғасын таба берсін. Қымбатты ата-әжелер! Жайнаңыздар, бұлбұлдайын сайраңыздар! Өмір қандай тамаша, күліңіздер, ойнаңыздар! Сіздер біздің гүліміз, сіздердің біз үніміз. Атаулы күн бақ сыйлап, аман-есен жүріңіз!





Пікір жазу