07.10.2022
  212


Автор: Қарттар күні

Қарттарымыз бағалы

«Кәрілік екі көзді қызартады, Сүйектің етін сылып, ұзартады.Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей, Батпандап тізе тұсқа тұз артады» — деп Жамбыл Жабаев атамыз айтқандай, жасы ұлғайған сайын қарт ата-әжелеріміз көп мұңаятын, көп күрсініп, көп жылайтын халге түсетіні анық. Жас баладай сәл нәрсеге өкпелеп, ренжіп қалатыны тағы бар. «Күлсең — кәріге күл» деп мақалдатып та қоямыз. Бірақ біз қарт ата-әжелеріміздің жайларын түсіне алмаймыз, тіпті сезіне де алмаймыз. Олардың күйі біз ойлағаннан да басқаша болады. Сондықтан қарт ата-әжелерді қуантып, көңілдеріне шаттық орнату ол біздің міндетіміз болмақ.
Қарттар күні — ол 1-қазанда аталып өтілетін атуалы күн. Осы күні қарттпрвмызды барынша қуанту, концерт беріп, оқушыларға тақпақ айтқызу біздердің тікелей міндетіміз. Осы 1-қазан атаулы күнге бүкіл отбасыны жинап алып үйдегі ата-әжелерімізді қуантуға асығайық. Оларды қуантып, ақ баталарын алсақ біздің де жолымыз ашылып, жарқын өмір сүре алатынымыз белгілі.
Құрметті қазыналы қарттарымыз — ата-әжелер! Сіздерді атаулы Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасы, бала-шаға, немере-шөберелер ортасында гүл жайнап жүре беріңіздер! Әр күндеріңіз берекелі, мерекелі болсын. Жаратқаным жар болып осы атаулы күндерге амандықта, саулықта жете беріңіздер, біз сіздерді жақсы көреміз!





Пікір жазу