07.10.2022
  268


Автор: Қарттар күні

1-қазан қарттар күні

Сонау ата-бабаларымыздың өзі қазыналы қарттарын сыйлап, құрметтеп өткен. «Қарты бар үйдің қазынасы» бар дегендей қазыналы қарттарымыз біздердің тілекшілеріміз. Баласы жарысқа түссе үйде отырып тақымын қысып, тілеулес болып отыратын осы қарттарымыз. Ата-әжелері бар әрбір үйдің қазынасы бар. Сол қазыналарды құрметтеп, оларға сый көрсету әрбір қазақ баласының міндеті болмақ. Өйткені біздер сол ата-әжелерімізден тараған жандармыз. Тамырды терең жайып, өркендегіміз келсе ең алдымен ата-әжемізге деген құрметімізді арттырып, олардың ақ батасымен сусындауымыз керек. Сонда ғана біздердің жолымыз болып, көңіліміз жайланары сөзсіз.
1-қазан сол аузында дана сөзі бар, батасын беріп жүретін қарияларымыз ата-әжелер күні. Осы күні оларды қуандыру жалпы саналы ұрпақтың міндеті деп білем. Қариялар бақытты болса, Жүздерінде қуаныш болса біз де бақытты да, шаттықты күн кешеріміз анық.
Қазыналы қарттарымызды бүгінгі 1-қазан қарттар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға дендеріне саулық, күндеріне шуақ пен жылулық тілейміз. Бұл өмірдің бұралаң сәттері көп білем, ащысы мен тәттісі қатар жүретін. Бар тілейтінім сол ащысы көп күндер болмай, тек тәттісі көп күндерді сезініп, бақытқа бөлене беріңіздер демекпін...





Пікір жазу