07.10.2022
  3288


Автор: Қарттар күні

Болыңыздар амандықта қарттарым

Болыңыздар амандықта қарттарым,
Шырқалып бұл әрқашанда тәтті әнің.
Қазыналы қарттарым сен аман бол,
Гүлдей жайнап құлпырып бұл бақтарың.

Қарттар күні бар бақытын сыйласын,
Жаратқаным жар боп әркез лайым.
Қазыналы қарттарым сендер барда,
Күлімдейді аспанымда күн, айым.

Әрбір үйдің қазынасы сіздерсіз,
Бақ-береке сіздерменен орнайтын.
Қарттар күні қуаныштар көбейіп,
Сәттіліктер көптеп болсын жалғайтын...





Пікір жазу