07.10.2022
  1649


Автор: Қарттар күні

Қазыналы қарттарым

Қазыналы қарттарым сен аман бол,
Бар жақсылық орналып, қуаныштар.
Қарттар күні ақ тілек айтылсын бұл,
Көтеріңкі күй сыйлап жұбаныштар.

Саулықтарың мықты боп жүз жасаңыз,
Баға жетпес қарттарым қазыналы.
Үйіміздің тірегі сіздерсіздер,
Әуелетіп жырлайтын шырқан әні.

Жүздеріңіз нұрлана шаттаныңдар,
Қазыналы қарттарым жүрегі кең.
Аман жүрші лайым әрқашанда,
Бар жақсысын біздерге беретін ең.





Пікір жазу