meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.10.2022
  552


Автор: Қарттар күні

Қарттар күні ерекше

Ақ батасын беретін,
Маржан сөзді теретін.
Қарттар күні ерекше,
Құттықтаулар келетін.

Қарттар біздің жанымыз,
Қарттар біздің барымыз.
Қазыналы қарт барда,
Шырайлы атар таңымыз.


Қазынамыз бағалы,
Сөздері бар даналы.
Аман болсын қартымыз,
Жол бастайтын саналы.




Пікір жазу