06.10.2022
530
Апам менің жүрегім
Жақсылықтың жаршысы,
Апам менің жүрегім.
Қарттар күні тілеген,
Қабыл болсын тілегім.
Құтты болсын мерекең,
Қарттар күні бүгінгі.
Шын жүректен, өлеңмен,
Ұсынамын гүлімді.
Ақ тілектер қабыл боп,
Болсыншы тек жақсылық.
Апа аман болыңыз,
Жалғап көшті жақсы үміт.