06.10.2022
  210


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҒАЗАЛДАР

1
Бұл дүниеден мен өтсем
Жас тұрады көзімде,
Тастап кете барамын
Сұлулықтың өзін де.
Бірақ менің өмірім
Зая тірлік болмайды,
Рухым барып əлемнің
Кеудесіне орнайды.
Қимасам да өмірді
Берілмеймін кейіске,
Мына жарық дүниені
Санап кетем пейішке.
2
Мен кетемін. Несі бар?
Жер мен аспан қалады.
Үрейінен өлімнің
Мені азат қып алады.
Мен кеткенмен, дүниеде
Еш өзгеріс болмайды,
Əлем көші өзінің
Тіршілігін жалғайды.
Мен кетемін. Несі бар?
Демен: «Орным босайды»,
Онда – жер, көк, жұлдыздар,
Халық мəңгі жасайды.





Пікір жазу