06.10.2022
920
ƏЖЕ ҚАБІРІ БАСЫНДА
Өзің едің мені өмірге сендірген,
Əже, сені қуантуға келдім мен.
Ұлың міне көшті жаңа қонысқа,
Көңілім де өсті,
Кеңейді де енді іргем.
Алаңдама, қарны аш емес балаңның,
Уақытымен ішіп жүр ол тамағын.
Сенің ізгі тілектерің əрқашан
Мені жебеп жүргендей-ақ боламын.
Жатқан жерің жайлы болсын сенің де,
Қорқынышты емес сонша өлім де.
Соңғы сапар – өзге өмір,
Соның да
Қуаныш пен бақыты бар тегінде.
Сондықтан мен қабіріңнің басында,
Қайғы шегіп,
Жыламаймын расында.
О дүниеде мəңгі-бақи ғұмыр кеш,
Жаннат бақта,
Жаратқанның қасында.