06.10.2022
881
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
ƏЖЕГЕ
Сен өмірден өтіп кеттің...
Ал өмір
Селт етпеді,
Қабағын да шытпады.
Жер-дүние баз қалпында,
Жəне бұл
Əдеттегі жай секілді тіпті əрі.
Сен өмірден өтіп кеттің...
Дүние
Селт етпеді,
Тағы да бір таң атты.
Селт етпесе мейлі,
Қойшы...
Шын міне –
Бəрібір ол бір нəрсесін жоғалтты