06.10.2022
169
Теңіз жағасында
Жағалауға соғылады толқындар,
Ол тəкаппар,
Секілді əрі кінəлы.
Теңіз мені қайта-қайта құшақтап,
Талай рет кешірім де сұрады.
Теңіз толқып,
Шапшып жатыр аспанға.
Алас ұрып аунақшыды бұл неге?
Баяу жылжып барады əне жағаға,
Көз ұшында, көкжиекте бір кеме.
Теңіз шуы – біле білсең басқа шу,
Сол теңізге ұқсай ма екен адам да?
Қандай қиын жағалаумен қоштасу,
Одан да ауыр қалып қою ал онда.