06.10.2022
154
Қыран
Қыран отыр құз үстінде, ұяда,
Түлкі жатыр ін ішінде қияда.
Көкке шығар жолы біреу қыранның,
Түлкі іннен сыртқа бес жол шығарды.
Қыран үшін жеткілікті бір жол да,
Қанын төгер, өлсе өлер бұл сонда.
Ал түлкіге бес есік те аз, бəлкім –
Жаудан қашып шығатындай болса күн.