06.10.2022
  93


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТАМЫРЛАР

Ата-бабам – тамырым, кемеңгерім,
Тамырыма сенемін тереңдегі.
Менің шыққан тегімде пырақтар көп
Мəрмар тастан өрілген өлеңдері.
Табиғатқа бас ұрған шын дарынды,
Жан-тəніммен ақтардым сырларымды.
Ана тілі жəне де орыс тілі,
Екі тілде жазамын жырларымды.
Күмбір қағып жүз тілде өзенім де,
Қоңыраулатып сыйлайды саз өмірге,
Сөйлесем де кез келген тілде бүгін,
Түрікмен боп қаламын өз елімде.





Пікір жазу