meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.10.2022
  171


Автор: Түрікмен поэзиясы

Мені көзің қорғайды

Мені көзің қорғайды
Басқа көздің сұғынан.
Мені сөзің қорғайды
Бөтен сөздің уынан.
Жылы сөзің – өрісім,
Нұрлы көзің – ақ шам да.
Сен бар жерде мен үшін –
Махаббат бар қашанда.





Пікір жазу