06.10.2022
  140


Автор: Түрікмен поэзиясы

Көктем

Жұлдыздары сиреген
Таңсəріде оянам.
Сансыз сəуле билеген
Күн нұрына боянам.
Тұт орманы сілкініп,
Құс үніне толады.
Тау бұлағы бұлқынып,
Тік шатқалдан ағады.
Күн сəулесін төгеді
Ақ тұманға асылып.
Қуалайды жел оны
Таудан əрі асырып.
Табиғат – бір тойлы өңір,
Шын салтанат құрғандай.
Мəңгі көктем, бейне бір,
Мені жебеп тұрғандай.





Пікір жазу