06.10.2022
168
ГҮЛЖАХАН
Таң атты. Күн жалындар,
Шығыстан тарап нұры.
«Жұмысқа жиналыңдар!»
Бұл – завод гудогы үні.
Жуынып, асқа отыру,
Əдетім – күнде менің.
Əлі алты, бірқыдыру
Уақыт бар, үлгеремін!
Киімін жайып салды,
Үтікке бек басылар...
Станок күтіп қалды,
Гүлжахан цехқа асығар.
Айналар желдей зырғып,
Жеті станок нөпірлеген.
Шыт, сиса түсер сырғып
Бумаға метрлеген.
Көз тартар тегіс, таза,
Матасын кермеледі.
Жоспары жүзден асты,
Гүлжахан – еңбек ері.