06.10.2022
  314


Автор: Түрікмен поэзиясы

Туған өлкем

Мадақтауға күндіз-түні жалықпан,
Нұр шырақты, көп бұлақты сəнді жер!
Сая таптым ыстық күнде талықсам,
Асау өзен, күміс, сулфат кенді жер!
Сендей мекен əлемде жоқ деседі –
Адамдары еркін, азат өседі,
Шырқап əнін, шаттық ғұмыр кешеді,
Ақ қанатты, бақ-мерейі асқан жер!
Берекелі, байлық тұнған, гүлденген,
Байтақ далам əр жүрекке жыр берген.
Тулап қандай, қайнап мұнай түрленген,
Жасампаздық қуат-күші тасқан жер!
Сана бердің жұмысшыға, шаруаға,
Талап бердің ғылым іздер жанға да,
Тың ойларға маздақ болған маң дала,
Байлық-кенін бауырына басқан жер!
Бұл бақытты Тəңір берді, шалқытты,
Аспанында алтын Күнін қалқытты,
Топырағыңнан таптым асыл бар құтты,
Қонақжайлы, кең құшағын ашқан жер!





Пікір жазу