06.10.2022
  140


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨГАРШЫН

Сенің досың алыста,
Аяқ жетпес,
Көгаршыным –
Жалғызсың,
Өзім тектес.
Біз екеулеп уақытты қысқартамыз,
Ұрпағы үшін қай ана қайғы шекпес?
Бізге ұя əйтпесе не үшін керек?
Қараңғыға көз тігіп, тесілме көп.
Терезенің сыртынан үңілесің,
«Қорқамын ғой, шамыңды өшірме» деп.
Дүние кең болғанмен,
Тар – тұрағы,
Көгаршыным,
Жаның көп қалтырады.
Шыда,
Əлі-ақ əлемді құс үні мен
Қанаттардың сусылы толтырады!
Мəңгі жалғыз қалам деп қамықпағай,
Қанатты көп аспанда,
Шарықтағай.
Қайғы-мұңды ұяңа жолатпа сен,
Əлсіздерді басынар ғарып талай.
Өмір сыйлап балапан құстарыңа,
Жетерсің сен бақыттың ұшпағына.
Біздің ұя – жалғыздық үшін емес,
Саған ашық есігім,
Ұш тағы да...





Пікір жазу