06.10.2022
  130


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҰЙҚЫСЫЗ ТҮНДЕР

Үш күн болды,
Қаңтар түні ұйқысыз –
Қалды менің жадымда.
Бір бай үйде
Аялдап ек сонда біз,
Ұзақ майдан жолында.
Жұмсақ төсек,
Басымызда құс жастық,
Бірақ бізде ұйқы жоқ.
Түн ортасы
Болған шақта біз жаттық,
Тиді жастық – денемізге түрпі боп.
Ақырында
Тұрдым да мен орнымнан,
Төмен түсіп,
Жата кеттім еденге.
Ал таңертең
Жолдастарым – ол маған
Күле берсін дегем де.
Таң да атты,
Жан-жағыма қарасам,
Келіскендей кеше нық:
Жолдастарым
Бəрі жатыр еденде,
Шинельдерін төсеніп.





Пікір жазу