06.10.2022
133
ƏКЕ СӨЗІ
Үлкен жолға шығарда əкем маған
Ақыл айтты:
– Сөзімді тыңда, балам.
Адам болсаң, жолың да оңғарылар,
Ақылсыздар мақсатқа жете алмаған.
Адал болсаң жетерсің мұратыңа,
Шығарсың да дүние қыратына.
Қайда жүрсең бірақта кір түсірме,
Адам деген қастерлі ұлы атыңа.
Отбасының бар, балам, екі шегі:
Секілді ол – дутардың қос ішегі.
Жұбайлардың жұптасқан жарастығы
Арқасында отбасы бекіседі.
Ақылдының досы да, мол қонағы,
Ойланбаған – опық жеп, қор болады.
Ессіз болсаң, қарағым, есігіңді
Адам емес, тек қана жел қағады.