meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.10.2022
  187


Автор: Түрікмен поэзиясы

АЯЗ

Көшеде аяз,
Үй жылы.
Біреу есік қағады.
Ашып едім,
Кім кірді –
Білген жоқпын оны əлі.
Көрінбейтін əлдекім
Құйын болып кірді ме.
Дыбысы шықпай ал оның
Үнсіз үйде жүрді ме.
Жалқау, ойы саязды
Сүймейді қыс,
Көрдің ғой.
Жылынсын деп аязды
Үйге кіргізген менмін ғой.





Пікір жазу