06.10.2022
184
Адам
Келеді адам дүниеге,
Бұл – табиғат ғажабы.
Келе салып, күнге де
Қолын сəби созады.
Өседі адам, есейер,
Тіні бекіп бойының.
Күш-қуатын еселер
Махаббат пен мейірім.
Тамшылатып тер төгіп,
Жерге адам дəн егер.
Еккен дəні ерте өніп,
Еңбегі де еленер.
Күз келгенде жинайды
Еңбегінің жемісін.
Еліне құт сыйлайды,
Кеңейтіп ол өрісін.
Адам қарттық шағында
Артқа мұра қалдырар.
Ұрпағының жадында
Қайта жасап, жаңғырар.