06.10.2022
  178


Автор: Түрікмен поэзиясы

ОТАНҒА

Отан қорғау борышымды ақтауға
Өз бойымнан күш пен жігер таптым көп.
Жарамсыз деп шынықтырып баптауға,
Дəрігерлер берді маған ақ билет.
Жауынгерлік сапта тұрып көрмедім,
Кең далада, кеңістікте өстім мен.
Бірақ сені қалай қорғау керегін,
Отан ана, сұрамаймын ешкімнен.





Пікір жазу