06.10.2022
  129


Автор: Түрікмен поэзиясы

Оралу

Мен оралдым
Туып-өскен еліме,
Жемісін жеп,
Суын, ішкен жеріме.
Бұлақтары
Сылдыр қағып ағатын,
Құрақтары
Басын изеп қалатын,
Бұраңдаған
Сүрлеуі мен соқпағы
Ертіп мені,
Жағалауға бастады.
Жарға соғып,
Толқындары ойнаған
Балалық шақ
Бағында мен ойланам.
Сондағыдай
Лақтыра сап жейдемді,
Терең суға
Қойып кеткім келген-ді.
Тұрмын бірақ
Жағалауда бөгеліп.
Ерекше бір
Сезімге мен бөленіп.
«Қош келдің!» деп,
Құшты мені жылы жел.
Еске түсіп
Балалық шақ жыры мол.
Сол күндерім
Еске түсіп мен əлде,
Бала шаққа
Оралдым ба бір сəтке.





Пікір жазу