06.10.2022
188
КҮЗГІ ЖАПЫРАҚТАР
Күзгі жапырақтар...
Батар күннің сəулесіне малынған
Кешкі бұлттың шудалары секілді.
Табиғаттың əміріне бағынған
Жапырақтар сан бояулы не түрлі.
Ұшып жатыр,
Қонып жатыр жапырлап,
Бір орнында байыз тауып тұра алмай.
Қаным ысып,
Кейде кетем қалтырап,
Жапырақтар əнінен бір сыр аңдай.
Соларға еріп, ойларым да дөңгелеп
Ұшады əне, еліктіріп сезімді.
Жапырақтар арасынан мен кенет
Қайтадан бір көріп қалам өзіңді.
Жапырақтардың күнге тартқан
көшін-ай,
Соңдарынан тұрмын көзім қарығып.
Қайдасың сен?
Күтем сені осылай,
Оттай ыстық жапырақ-ойлар
жамылып.