06.10.2022
  123


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТҮРІКМЕНСТАН

Сенің өткен қасіретің – кеудемде,
Сенің барлық қасиетің – ол менде.
Бабалардың қуаныш пен қайғысы,
Бəрі, бəрі – көңілімді тербеуде.
Ол да мендік – бастан кешкен тағдырың,
Келешекте атар таңың, əр күнің.
Жерің, суың, өзің, сөзің –
Сыйдырам
Құйттай ғана жүрегіме барлығын.
Туған елім, сен бар жерде – мен бармын,
Өмірімді бір өзіңе арнармын.
Тағдырыңа –
Тамырыңды бойлаған
Жалғыз түйір қаның болып
Жалғандым..





Пікір жазу