06.10.2022
  182


Автор: Түрікмен поэзиясы

СƏБИ

Анасының етегінен ұстап ап,
Қыдыруға сəби кетіп барады.
Бəрін, бəрін білуге ол құштар-ақ,
Жан-жағына шын таңырқап қарады.
Неткен қызық, қандай ғажап бұл дүние!
Сұрақтар көп – əзірге жоқ жауабы.
Соқа айдаған шаруадайын – үңіле,
Бар ынтасы сол дүниеге ауады.





Пікір жазу