06.10.2022
  121


Автор: Түрікмен поэзиясы

Шынар

Кеңістіктің еркесі –
Жел шайқалтса басыңды.
Өміріңнің көркі осы –
Жапырақтарың шашылды.
Тамырларың тік бойлап,
Бойыңа күш жиясың.
Ұмыт қалған заттай боп,
Айдалада тұрасың.
Ашық аспан астында
Терең тыныс аласың.
Тағдыр желі соққанда
Қайдан пана табасың.
Шынарым, сенің сілкінген
Жайыңды көріп, кім шыдар.
Алапат үнің күрсінген...
Сай-сүйегім сырқырар.





Пікір жазу