06.10.2022
  117


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨБЕЛЕК

Шам шапағын қуалап,
Көлеңкеңмен ойнайсың.
От көзіңді дуалап,
Тек өзіңді ойлайсың.
Саған сенген көлеңкең
Жарысады өзіңмен.
Ал өрмекші тор керген
Аңдып отыр төзіммен.
Қараңғы бір бұрыштан
Торын жайып келеді.
Көлеңкеңмен жарысқан
Жолыңды тосып төнеді.
Үлгірмедің қас қағып,
Кенет айқас басталды.
Отырды да бас бағып,
Жыртқыш сені бассалды.
Тағдырыңмен неге бұл
Ойнадың сен кеселді.
Ойнамады ал өмір,
Ах, көбелек! Кеш енді!





Пікір жазу