06.10.2022
  103


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАМАЛ ҚАБЫРҒАСЫНДАҒЫ СЫЗАТ

Бір қабырға қалыпты
Көне, ескі қамалдан.
Уақыт сызат салыпты
Аумайтұғын жыланнан.
Таңбасындай сезінді
Ұрыстардың ол қырғын.
Сол сызаттан көзімді
Аудара алмай мен тұрмын.
Қабырғаның бойында
Жатқан жылан сияқты
Жерге алып қоюға
Болса сол бір сызатты.
Үлгергенім сол еді
Осылай деп ойланып,
Сызат жылжып жөнелді
Дəу жыланға айналып.
Жылан емес, бұл əлде
Адам ба екен жығылған.
Жойқын ұрыс кезінде
Қабырғаға бұғынған?
Шытынаған жаны оның
Сызат пішінін алғандай.
Мəңгі тыныш əлемнің
Жыланы боп қалғандай.





Пікір жазу