06.10.2022
147

ЖАЛҒЫЗ-АҚ СӨЗ
Жалғыз-ақ сөз жүректерді тілгілер,
Жалғыз-ақ сөз қуандырар, күлдірер.
Улы сөздің зұлымдықтан парқы не?
Мейірім мен жылу керек əркімге.
Барлық сөзден биік сөз бар сонда да,
Тек еңбекке беріледі ол баға .
Өз өмірін ізгілікпен əрлеген –
Естиді сол ұлы сөзді ар деген!
Отан саған адам деген ат берді,
Сол атыңды сақтай білу – бақ болды.
Жақсылықты бойға дарыт жасыңнан.
Жалғыз сөздің мəні қымбат асылдан.