06.10.2022
193
Достарыммен айырылыстым оп-оңай....
Достарыммен айырылыстым оп-оңай,
Əйелдердің мысын бастым дəл солай.
Тез ұмыттым ата-баба өсиетін,
Уəдені де жиі бұзып, рəсуə еттім.
Күнəларым үсті-үстіне қосылды,
Бірақ соның бəрін оңай кешірді...
Енді бүгін айтар болсам расымды,
Сол жеңілдік тұқыртты бұл басымды.