06.10.2022
  83


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТОЛҚЫНДАР

Тарлық етер мұхит беті толқынға,
Жерден шығып кететіндей ол тура...
Кеме бортын соққылайды үздіксіз,
Таңсық емес таң қалу да, қорқу да.
Тағдырына мойынсұнбас қайсарлар
Талайларға жігер беріп, ой салар.
Ұлы күштің құдіреті қашанда
Тек күреспен танылады дейді олар.





Пікір жазу