06.10.2022
  119


Автор: Түрікмен поэзиясы

Қыран

Копетдагта өсті қыран шынығып,
Қанаттары көк құрыш боп қатайған.
Ұшсын шыңға...
Танытсыншы ірілік,
Ол туған жер топырағынан от алған.
Шарықтасын қанаттары талмастан,
Сөз бе қауіп...
Өткен талай сындардан.
Солтүстіктің таулары оған болмас таң,
Аптапта да, аязда да шыңдалған.
Ол жоқ кезде аспан тартпас көмескі,
Тау да тұрар асқақ қалпы көкті еміп.
Нағыз қыран асып асу, белесті,
Ізім-ғайым кетер мұнар көкке еніп.
Тұмандардың толқынында тыныстап,
Ұмтылады сағымдарға сіңуге.
Ерте, кеш пе, өр еңсесін тік ұстап,
Копетдағқа оралады түбінде





Пікір жазу