06.10.2022
  138


Автор: Түрікмен поэзиясы

Қорқам оқты сөздерден....

Қорқам оқты сөздерден,
Қорқам отты көздерден,
Астан-кестен желдерден,
Топан сулы селдерден,
Олар мені таппасын,
Дауыл боп кеп соқпасын.
Нұрлы көздер – ем болсын,
Жылы сөздер – дем берсін.
Дер уағымда күлейін,
Жас шағымда гүлдейін.
Туған жердің төсінде
Ұзақ-ұзақ жүрейін.
Ошағымды от жаққан –
Өмірім деп білейін,
Жасарайын, түлейін.





Пікір жазу