meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.10.2022
  172


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жібер мені, өміріңе енейін....

Жібер мені, өміріңе енейін,
Жан сырымды тереңіңе көмейін.
Гүлзар бақта сайрандап бір көрейін,
Бағбанына бақыт құсын берейін.
Айдай сұлу ақша жүзің жарқырап,
Күн-көзіңе батып барам, не дейін.
Жүрегімді балқытады лебізің,
Сырыңды ашшы, сөздеріңе сенейін.
Келші жаным, сипап торғын шашыңнан,
Құшайын бір, құшағыңа енейін





Пікір жазу