06.10.2022
  120


Автор: Түрікмен поэзиясы

БЕР МАҒАН

Жан мұңын,
Қайғының зарын бер маған,
Дутардың,
Ғопуздың сазын бер маған.
Жаңбырым,
Қысымның қарын бер маған,
Сағыныш,
Махаббат назын бер маған.
Бер маған,
Қайтарып бəрін бер маған,
Бер маған
Аяғым жеткен асуды,
Бер маған
Көзімнен төккен жасымды.





Пікір жазу