06.10.2022
  156


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бір досы ерлікпен жан қиды Киевте....

Бір досы ерлікпен жан қиды Киевте,
Бір досы Одерде беріспей оққа ұшып.
Айтты алғыс Еуропа ержүрек жігітке,
Ол жаяу шарлады
Тістеніп, кеудесін кек қысып.
Отанға оралды жеңісті жебелеп,
Той өтті, өз елін дүбірге бөледі.
Қабірде бүк түсіп жата алмас, не керек,
Жеңіс боп майданнан үйіне келеді.
Жауынгер тұр асқақ еңсемен,
Кеудесін кек оты өртеген,
Ұғады жауларды жайпауды парыз деп.
Осылай болатын ертеден,
Тағзым ғып соғыста өлгенге
Қаламыз мəңгілік қарыз боп.





Пікір жазу