06.10.2022
114

ЭДУАРД МЕЖЕЛАЙТИСКЕ
«Кім қорғансыз дүниеде?» –
Деп сұрап ем ақыннан.
«Жаңа туған нəресте», –
деді ол маған тосыннан.
«Не ащы, – деп, – дүниеде?»
Сұрап едім тағы одан.
«Көз жасы, – деп, – ананың»
Жауап берді ол маған.
«Отан үшін ең берік
Қамалға не тең келер?»
«Елін қорғап, жан беріп,
Шейіт болатын ер», – деді ол.