06.10.2022
97
Бақталасқа
Бақталасқа
Жүрегіңді сый еттің,
Кеттің тонап махаббаты – түнекпін.
Кеудем кеуек, қалдыбос боп қаңырап,
Өксігенін естімейсің жүректің.
Алданыппын,қайғы жұттым, қамықтым,
Қараңғыға айналғандай жарық күн.
Не дерімді білмей тұрмын дағдарып,
Дауасы жоқ күйге мені салыпсың...